«Ақсу» футболшылары Түркиядағы зілзаланы бастан кешірді
Команда Түркияда маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Клубтың баспасөз хатшысы Асқар Қайыргелдинов әңгімелеп бергендей, команда тұрып жатқан Антальяда жер сілкінісі сезілді.
- Кеше таңғы төртте қатты сезілді. Бірақ көбі ұйықтап жатып, ештеңені сезбеді. Соңыра жаңалықтардан жағдайды білдік: Газиантепте ахуал сұмдық екендігіне көзіміз жетті, - деді Асқар Қайыргелдинов.
Клуб баспасөз хатшысы айтып өткендей, команда ертең жаттығуларына көшеді. Алайда қазіргі жағдайға байланысты жолдастық кездесулер жайы әзірше белгісіз.
Естеріңізде болса, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Газиантеп қаласы маңында магнитудасы 7,8 күшті жер сілкінісі орын алды. Түркияда көз жұмғандар саны 3,5 мың адамға, ал жарақаттанғандар саны 20 мыңнан асты. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған жеті күндік аза тұту жариялады.
Фото: ашық дереккөздерден