Павлодарлықтар трамвайда тегін заңгерлік кеңес ала алады
Құқықтық көмек көрсету шарасына Әділет департаментінің қызметкерлері мен заң саласының мамандары қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
17 маусым күні облыстық Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырады. Іс-шара №5 айналма бағыты бойынша жүретін қалалық трамвайда өтеді.
Акцияға Әділет департаментінің қызметкерлері, Сот сараптамалары институтының өкілі, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттары қатысады.
– Азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тегін әрі білікті құқықтық көмек ала алады, – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Трамвай сағат 10:00-де деподан шығып, Назарбаев көшесі бойымен қозғалады.