Екібастұз әкімі жастардың идеялары мен ұсыныстарына құлақ асты
Шаһар басшысы жас ұрпақпен, соның ішінде ауыл жастарымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Ол жастар бастамаларын дамыту орталығына барған. Орталық жастармен жұмысты айтарлықтай жандандырған. Ай сайын орталыққа алты мыңнан астам жастар келсе, жеті айда 38 мыңнан астам адамды қамтитын 350-ге жуық іс-шара өткізілген.
– Орталықта өткізіліп жүрген іс-шараларға қатысып жүрмін. Мұнда жастар өздерін дамыту үшін түрлі бағыттарда жұмыс жасай алады. Іс-шаралардың едәуір бөлігі кәсіпкерлік пен стартапты дамытуға бағытталған. Орталықтың есіктері барлық жастар үшін аптасына жеті күн ашық, – деді Аян Бейсекин.
Қала әкімі, сондай-ақ жас ұрпақпен, соның ішінде ауыл жастарымен кездесті. Кездесу барысында қазір NEXT ұрпағын не қызықтыратыны туралы әңгімеле айтылып, идеялар мен жоспарлар талқыланды. Бұло ретет, «Жаңа жастар» еріктілер клубынан еріктілер қызметі туралы газет шығаруға бастама көтерілген. Сондай-ақ, өңірде спорт пен мәдениетті дамыту бойынша ұсыныстар айтылды.
– Биылғы жылы «Ауыл connection» жобасы табысты іске асырылуда, онда ауылдарға барып түрлі сала мамандарымен кездесулер, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіледі. Қатысушылар жобаның жалғасып, одан әрі дамуын тіледі. Кездесу қызықты әрі нәтижелі өтті, жастардың барлық идеялары мен ұсыныстары қаралатын болады, – деді шаһар басшысы.
Кеш соңында талантты музыканттар жанды музыкамен танымал әндерді орындады.