Павлодарлықтарға ұзақ мерзімді демалыста сақтандыру төлеу керек пе?
Жұмыс беруші міндетті төлемдерді үздіксіз төлемесе, жұмыскер сақтандыру мәртебесін жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылға арналған сақтандыру сомасы жарияланды.
Медициналық сақтандыруды кім және қалай төлейді?
Қолданыстағы ережеге сәйкес, қазақстандық жұмыс берушілер жұмыскерге жалақысының 3 пайызы көлемінде ұстап қалуды жүзеге асырады. Бұл ретте салық салынатын айлық табыс 10 ең төменгі жалақыдан немесе 850 мың теңгеден аспауы тиіс. Жұмыс беруші аударымдарының максималды мүмкін сомасы айына 25,5 мың теңгені құрайды.
Бұл қаражатты жұмыс беруші компания есебінен төлейді және ол қызметкердің жалақысынан ұсталмайды.
Жалдамалы қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша жұмыс істейтіндер ай сайынғы табысының 2% қосады, бұл да 10 ең төменгі жалақыдан аспауы керек. Ең жоғары жарна – 17 мың теңге. Азаматтық құқықтық келісім-шарты бойынша қызметкерден ұсталатын салықтардың сомасын есептеуді шарт жасалған салық агенттері жүргізеді.
Жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызын төлейді, бұл 2024 жылы 5 950 теңге. Нөлдік есеп беру кезінде де жеке кәсіпкерлер қарыздан құтылу үшін жарна төлеуді жалғастыруы керек.
Тәуелсіз төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5 пайызын төлейді, бұл 2024 жылы 4250 теңге. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзін-өзі сақтандыру үшін соңғы 12 айдағы қарызды өтеу керек немесе әр ай үшін бөлек төлей отырып, бір жыл үшін жарнаны алдын ала төлеу керек.
1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем жойылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, соған сәйкес немесе дербес төлеуші ретінде жарна төлей алады. Мемлекет 15 жеңілдетілген санаттағы азаматтарға жарна төлейді, сома 2024 жылы 5852,63 теңгені құрайды.
Екі жерде жұмыс істегенде сақтандыру қалай төленеді?
Екі жерде жұмыс істегенде, төлемдерді есептеу үшін максималды кірісті ескеру қажет – бұл 10 ең төменгі жалақы. МӘМС жүйесіне жарна әрбір жұмыс орнынан, бірақ әрбір жұмыс берушіден айына 25500 теңгеден (850 мың теңгенің 3%) аспайды. Жарналарды есептеу кезінде барлық жұмыс орындарынан алынған жиынтық кіріс есепке алынады, ал жарналардың жалпы сомасы айына 17000 теңгеден (850 мың теңгенің 2%) аспауы керек.
Дұрыс есептеу үшін екінші жұмыс орнында бірінші жұмыс орнынан төленген төлемдер туралы анықтаманы ұсынған дұрыс.
– Мысалы, А ұйымында қызметкер 550 000 теңге, В ұйымында 400 000 теңге алады. Оның жалпы табысы 950 000 теңге, яғни салық салынатын табыстың шекті мөлшерінен жоғары. Бұл ретте бірінші жұмыс берушіден 11 мың теңге көлемінде жарна, 16 500 теңге көлемінде шегерім ұсталады. Екінші жұмыс орнында оның жарнасы 6 000 теңгені құрайды (ең жоғары жарна 17 000 теңге, қазірдің өзінде енгізілген 11 000 теңге). Шегерімдердің сомасы 18 000 теңгені құрайды (шегерімдерді есептеу үшін кіріс қосылмайды), – деп түсіндірді баспасөз орталығында.
Қызметкердің жалақысынан қажетті төлемдерді жасағанымен, сонымен қатар жеке кәсібі бар және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайларда ол өзінің негізгі жұмыс орнынан төлемдерден басқа, Салық кодексінде көзделгендей, жеке кәсіпкер ретінде жарналар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
30 күннен астам демалысқа шыққанда сақтандыруды төлеу керек пе?
Егер адам 30 күннен астам демалыста болса, ол сақтандыру мәртебесін жоғалтуы мүмкін, өйткені жарналар ай сайын төленуі керек. Жұмыс беруші міндетті төлемдерді үздіксіз төлеуі керек.
– Мысалы, егер мұғалімнің демалысы 25 маусымнан 18 тамызға дейін созылса, міндетті медициналық сақтандыру жарналары әр ай үшін жеке төленуі керек: маусымда 7 күн, шілдеде 31 күн және тамызда 18 күн, – делінген хабарламада.
Өткен жылы 200 мыңнан астам жұмысшы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін жоғалтты, себебі ұзақ мерзімді еңбек демалысы үшін жарна барлық демалыс айларын емес, бір айға бір төлеммен төленді. Бұл мәселе жүйе ай сайынғы төлемдерді үзіліссіз талап ететіндіктен туындайды. Індет кезінде мәртебе екі өткізіп алған төлеммен сақталды, бірақ бұл норма 2023 жылдың қазан айында жойылды.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін 4 сәуірде 2024 жылғы 21 сәуірде күшіне енген міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналарды есептеу және аудару қағидаларына өзгерістер бекітілді. 11 ай жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына шығатын қызметкерлерге сақтандыру мәртебесі жұмыс беруші 12-ші төлемді жасаған кезде беріледі.
МӘМС-ке қалай жүгінуге болады?
Байланыс орталығы 1414 қоңырауларды сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қабылдайды, ал сұраныстарды баламалы байланыс арналары арқылы тәулік бойы қалдыруға болады.
Операторлар жарналардың жай-күйі мен төленуін, емханаға тіркелуін, медициналық көмек алуын тексеруге көмектеседі, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтанушылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді. Жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу және медициналық ұйымнан түсініктеме талап етілсе, шағым екінші желіге ауыстырылады, содан кейін қабылданған шешім өтініш берушіге хабарланады.
Азаматтар сақтандырылғандарын келесі жолдармен тексере алады:
- «Qoldau 24/7», «Damumed», «Halyk», «BCC.KZ», «Kaspi.kz» мобильді қосымшалары;
- fms.kz ресми сайты;
- telegram желісіндегі @SaqtandyrýBot;
- 1414 байланыс орталығы;
- egov.kz электронды үкіметінің веб-сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.
- әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының телефоны арқылы: +7(7182)70-41-23, 70-41-24, WhatsApp +7(707)559-46-50.