Успен ауданының тұрғындары тегін заңгерлік көмек ала алады
Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың, сондай-ақ мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
24 сәуірде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Успен ауылының аудандық мәдениет үйінде жемқорлыққа қарсы еріктілер кез келген құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беретін болады. Шара облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өтеді.
Заң консультациялар кезек тәртібімен ұйымдастырылады.