Павлодар облысында маңызды жол учаскелерінің бірі жөнделді

Павлодар облысында маңызды жол учаскелерінің бірі жөнделді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес мерзімінде толық орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успен-РФ шекарасы» автомобиль жолының 967-993 және 999-1003 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жөндеуден өткен жолдың жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында жаңа материал қосып суық ресайкілеу әдісі арқылы жолдың негізі төселді, қалыңдығы 6 сантиметр болатын ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді, қалыңдығы 4 сантиметр болатын майда түйіршікті асфальтбетон қоспасынан үстіңгі қабат төселді, 1 дана су өткізу құбыры орнатылды, 5 дана автопавильон салынды.

Жөндеу жұмыстарына отандық жол-құрылыс материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 29 жол-құрылыс техникасы мен 35 маман жұмылдырылды.