Сайлау: Былтыр павлодарлықтар аудан әкімдерін өздері сайлады

Сайлау: Былтыр павлодарлықтар аудан әкімдерін өздері сайлады

2023 жылдан бастап аудандар мен қалалардың әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру пилоттық жобасы негізінде 3 аудан әкімі сайланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бүгін орталық Азияда USAID аймақтық миссиясының директоры Луис А. Ривераны облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қабылдады. 

Жиында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев енгізген реформалар жайлы сөз болды. 

- Өткен жылдан бастап аудандар мен қала әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталды. 2023 жылдың 5 қарашасында біздің өңірде осындай сайлау 3 ауданда ұйымдастырылды. Егер бұрын әкімдерді мемлекеттік органдар өздері тағайындап келсе, қазір олар тікелей халықтың дауыс беруімен таңдалады, - деді Айзада Құрманова.

Облыс әкімінің орынбасары 2022 жылы алғаш рет аралас үлгідегі мәслихаттар мен мәжілістерге сайлау өткенін де атап өтті.

- Сайлау партиялық тізім және бір мандат бойынша өтті. Бұған дейін мәслихаттарға депутаттар тек партиялық тізім бойынша іріктелген болатын. Бүгінде мәслихаттар бір мандатты округтер бойынша депутаттардан тұрады. Бұл саяси реформалардың бір бөлігі ғана. Осындай сайлау негізінде облыстық мәслихат көппартиялы болып табылады. Облыстық мәслихат құрамында 5 саяси партия бар, - деп қосты ол.

USAID аймақтық миссиясының директоры Луис А. Ривера «Десента» ҚҚ-сы ұсынған жобаға қызығушылығын танытты.

«Қатысушы басқарма - бөлінген жауапкершілік» атты 4 жылдық жобамен «Десента» ҚҚ бас директоры Сергей Гуляев таныстырды. 

- Атауын ұзақ уақыт ойластырдық. Барлығы басқарғысы келеді, бірақ бұл үшін ешкім жауап бергісі келмейді. Жоба тек  Павлодар облысын ғана қамтымайды. Оның географиялық аумағын кеңейттік. Яғни бұл жоба Батыс Қазақстан, Ұлытау Жезқазған, Жетісу, Солтүстік, Орталық, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды қамтиды, - деді Сергей Гуляев.

Айтуынша, жобаның алдына қойған екі міндеті бар. Біріншісі - жергілікті басқару реформалары жүйесіне көмектесу. Екіншісі - үшінші секторға көмектесу, осылайша мемлекеттік жүйе де, азаматтық қоғам да бір-бірімен жүйелі түрде байланыса алады. 

- Ауылдық округтерді қолдаудан бастап құрамдас бөліктердің өте кең тізімі бар. Бізде бір жылдан бері ауылдық округтердің төртінші деңгейлі бюджеті бар. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Алайда зерттеу экономика мен қаржыны жақсы білетін және осындай жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын мамандар әрқашан бола бермейтінін көрсетеді, - деді ол.

«Десентаның» директоры 4 жылдық жобаның алдына қойған көптеген міндеттерімен бөлісті.  Соның бірі – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы. Бүгінде ҚҚ Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп тығыз жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. 

Сергей Гуляев алда азаматтық қоғаммен жұмыс, мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселесі тұрғанын да айтты.