Павлодарда қара домбыраны серік еткен жас таланттар ұлттық аспапта өнерлерін көрсетті

Олар белгілі күйлерді мінсіз орындап шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлттық мұра - домбыра» атты музыкалық шара өтті. Сондай-ақ, оқырмандар үшін дәл осындай атаумен кітап-иллюстрациялық көрмесі ашылды.
Шараға өңірімізге белгілі ұста, қолөнер шебері Қуандық Баязитов арнайы шақырылып, көрермендерге домбыра жасаудың технологиясымен, ұлттық аспап ағашын дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, өз қолымен жасаған домбыраларын да ала келіп, көрерменге көрсетті.
Кенжекөл музыкалық мекбінің ұстаздары Жұлдыз Қорабаева, Харал Бахытгүл, Шамшия Рахымжанова «Ерке сылқым», «Балбырауын»,«Ақжелең» күйлерін орындаса, дәстүрлі әнші Құралай Уақбаева Абайдың әні «Сегіз аяқ», халық әні «Қызыл құмда ауылымды» тамылжыта шырқады. Сонымен қатар, Аружан Сәденова, Алмагүл Бұзаубаевалар да өз өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ, қара домбыраны серік еткен жас талантты өнерпаздар да ұлттық аспабымызды арқалай келіп, өз өнерлерін көрсетті. Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия оқушысы Сахаба Хамза «Келіншек» күйін тарту етті.