Шыбын-шіркейлердің ерте белсендірілуі өзен өңдеудің басталуын тездетті

Өткен жылы биопрепаратты тастайтын 29 орын болды, биыл олардың саны 43-ке дейін өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркеновтың айтуынша, бүгін Ертістің жоғарғы жағындағы үш баржадан «Бактицид» препараты төгіледі.
Өзенді өңдеу арнада дамитын шіркейлердің дернәсілдеріне қарсы жүзеге асырылады. Ұшақтар сары масалардың дернәсілдеріне қарсы жұмыс істейді.
– Біз жұмыс істейтін препарат бізге бұрыннан таныс – біз онымен бірінші жыл жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Жақсы препарат екенін білеміз. Біз басқа аймақтардың тәжірибесін қарастырдық – олар да осындай жақсы нәтиже көрсететін препаратты қолданады. Ол сондай-ақ, қауіпсіз, әрі тиімді, – деп түсіндірді ғылыми топ жетекшісі Дәулет Ибраев. – Өзенді өңдеуге бізге бір жарым тонна құрғақ препарат кетеді. Оған Ертіс өзенін, оның арналарын өңдеу және жергілікті өңдеу кіреді. Кеше Орловка, Қаратай өңделді. Бүгін – Ертіс өзені және Белая өзенінің арнасы өңделеді.
Мамандардың айтуынша, соңғы екі-үш жылда су ағындары шамамен бір уақытта басталады.
Биылғы жылы өзенді өңдеу ауа-райына байланысты ертерек басталды. Шыбынның дернәсілдері тезірек дамыды, өйткені су жылы – сәуірдің аяғы өте ыстық болды, мамыр айы ды жылы.
– Су көп – су басу алаңы көп, яғни дернәсілдердің дамитын аймағы да көп, – дейді ғылыми сүйемелдеу тобының өкілі. – Біз препараттың белгілі бір мөлшерін аумаққа тастаймыз. Препарат дернәсілдердің мөлшеріне қарамастан жұмыс істейді. Егер биологиялық препаратты қолдансақ, ол суға түскеннен кейін шамамен он күн жұмыс істейді.
Алғашқы өңдеу жұмыстары 9 сәуірде басталды – өткен жылмен салыстырғанда 12 күн бұрын. Өңдеу Ертіс өзінің жазғы арнасына енгенге дейін жалғасады. Су жайылмадан толығымен шыққаннан кейін мамандар өңдеудің басқа түрлеріне көшеді.
Жұмыстың үш кезеңі жоспарланған, оған баржадан өңдеу, жергілікті және авиациялық өңдеу кіреді. Олардың арасындағы аралық дернәсілдің дамуына байланысты шамамен 10 күн болады. Бүгін – бірінші кезең, 10 күннен кейін екінші кезең болады. Дернәсілдердің дамуы бақыланады.