Dog Party Павлодар: Жобадан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады

Dog Party Павлодар: Жобадан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады
Фото: Константин Шелков

Павлодарда өтетін ерекше шараға түрлі асыл тұқымды иттер қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Dog Patti-дың мақсаты - үй жануарларына деген адамдардың сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілікті арттыруды көздейді.  Иттерге арналған кеште жануарлармен түскен әрбір фотоның ақшасы қайырымдылық қорына түседі.

- Шараға біз асыл тұқымды иттерді шақырдық. «Панахана» жануарлар баспанасынан 4 күшік, «Надежда» баспанасынан 2 күшік, «Добрые руки» баспанасынан 2 күшік қатысатын болады. Шарада ақ швейцариялық овчарка, неміс овчаркасы, шығыс еуропалық овчарка, Йоркшир терьер сынды асыл тұқымды иттер қатысады. Қайырымдылық фотосессиясына кез келген адам қатыса алады,- дейді «Альянс» ит өсірушілер клубының төрайымы Данара Сейтқанова.

Ал Zanuar мекемесінің басшысы Людмила Чернованың айтуынша,  шараның негізгі мақсаты иттерге дос ретінде қарау. 

- Қаңғыбас иттердің кінәсі жоқ. Мұны тоқтату үшін адамдарға бірігіп, жануарларға адамгершілікпен және жауапкершілікпен қарауды насихаттау қажет,- дейді ол.

Айта кетелік, іс-шара 18 маусым күні қалалық бақта сағат 11:00-13:00 дейін жалғасады.