Екібастұзда көрші елдің спортшылары аралас жекпе-жекке түседі

Турнирге әр өңірден мықтылар келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарыста Павлодар облысының спортшылары еліміздің әр өңірінен келген мықтылармен кездеседі. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Ақтөбе қалаларының спортшылары, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген жекпе-жек шеберлері октагонда бақ сынайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс аймақтағы аралас жекпе-жек спортының дамуына серпін беріп, жас спортшылардың тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Екібастұз тұрғындары мен қонақтары тартысты кездесулерді тамашалап, жергілікті спортшыларға қолдау көрсете алады.
Спорттық іс-шара «Шахтер» стадионының алаңында 29 тамыз күні сағат 17:00-де басталады.