Су тасқыны кезеңі: Павлодарлық мониторингтік топ Бұқар жырау ауданына аттанады

Сапардың мақсаты – олардың тасқын суларды өткізуге дайындығын бағалау, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Су тасқыны маусымына дайындық аясында Баянауыл ауданына төтенше жағдайлар департаментінің мониторингтік тобы ықтимал қауіптерді уақтылы анықтау және көктемгі су тасқынының жағымсыз салдарын болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау үшін жіберілді.
«Қазгидромет» АҚ ҚФ мамандары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, күн сайын аудандарда, сондай-ақ Қарағанды облысының іргелес аудандарында топырақтың ылғалдылығы мен ылғал қорының деңгейіне мониторинг жүргізеді. Су басу қаупі жоғары аудандарға ерекше назар аударылады.
– Құрамында жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі қызметтердің өкілдері бар мониторингтік топ «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттерінің техникалық жай-күйін тексеру үшін Бұқар жырау ауданына баруды жоспарлаған. Мақсаты –жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтау, – дейді облыстық ТЖД-де.
Су тасқыны жағдайының мониторингі бойынша жұмыстар күн сайын жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.
ТЖ департаменті халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға және шұғыл қызметтердің ұсыныстарына уақтылы жауап беруге шақырады.