Сәрсенбі күні Павлодар облысында тұман мен жаңбыр күтіледі

Сәрсенбі күні Павлодар облысында тұман мен жаңбыр күтіледі
Фото: Константин Шелков

6 қыркүйек күні түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз аймақтың басым бөлігінде аздаған жаңбыр жауады.

Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +4...+9, күндіз +11...+16 градус жылы болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы, таңертең және түстен кейін аздаған жаңбыр күтіледі. Сынап бағанасы түнде +5...+7, күндіз +13...+15 градус көрсетеді.