Түркияда арыстан ер адамға шабуыл жасады

Қазір зардап шеккен азамат ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркиядағы зообақта Зевс есімді арыстан тордан шығып кетіп, ер адамға шабуыл жасады. Hürriyet басылымының мәліметінше, оқиға Түркияның әйгілі курортты аймағы Антальяда орналасқан Манавгат ауданындағы Lion Land жануарлар паркінде болған.
– Жануар жергілікті тұрғынды ауыр жаралап, қашып кеткен. Қазір арыстанды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оны соңғы рет Илыджа мен Кумкей аудандары арасындағы қонақ үйлердің маңынан көрген, – деп жазады басылым.
Арыстан Сүлеймен Кыр есімді ер адамға шабуыл жасаған. Зардап шеккен азамат жануарлар паркінің маңында, шамамен бір шақырым жерде жұмыс істеген. Қазір ол ауруханада жатыр.
Бірнеше сағаттан кейін арыстан табылып, залалсыздандырылған