Павлодарлық әуежайды жөндеуге жаңа транш бөлінді

Павлодарлық әуежайды жөндеуге жаңа транш бөлінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мердігер «Kyrylys Group RK» ЖШС-жұмыстың келесі кезеңіне кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2024 жылдың қазан айынан бастап 16,4 миллиард теңге сомасына облыс орталығындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сома бірнеше бөлікпен бөлінеді: өткен жылы Ұлттық қордан 4,8 миллиард теңге аударылды.

– 2025 жылға республикалық бюджеттен 617,5 миллион теңге, ал жергілікті бюджеттен – 1,6 миллиард теңге қолдау тапты, бұл 10 пайыз қоса қаржыландыру болып табылады, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Кашкиров. – Биыл бекітілген бюджет бойынша 967,6 миллион теңге бөлінді. Облыстық мәслихат сессиясында бюджеттің соңғы нақтылауында қосымша 673 миллион теңге бөлінді.

Жаңа траншқа материалдар мен жабдықтар сатып алынады, сонымен қатар бұл қаражат ұшу-қону жолағын кеңейтуге жұмсалады. Жұмыс тізіміне жасанды ұшу-қону жолағын, такси жолын және перронды қайта жаңарту, жарық сигнал беру жабдығы жүйесін ауыстыру, периметрді жарықтандыру жүйесін, периметрді бейнебақылау жүйесін орнату, периметрді қоршау кіреді.

Асфальтбетонды перрон жабыны мен ұшу-қону жолағын фрезерлеу, ұшу-қону жолағы кеңейген жерлерде көп қабатты жабынның негізін салу аяқталды.

Әуежай үшін 4,9 миллиард теңгеге материалдар мен жарық сигналдық жабдықтар сатып алынды. Бұл жалпы жеткізілімнің 77 пайызы. Мердігер 63 миллион теңгеге 24,8 мың тонна құм-қиыршық тас қоспасын әкелді. Бұл жалпы көлемнің 71 пайызы. 

Естеріңізге сала кетейік, әуежай жаңғыртудың екі кезеңінен өтеді. Біріншісі-ұшу-қону жолағын қайта құру. Ол 15 метрге кеңірек болады. Әуежай сыйымдылығы мен жүк көтергіштігі жоғары ұшақтарды қабылдай алады. Болашақта әуе айлағының ғимаратын өзгерту жоспарлануда: келу және кету аймақтарын бөлу және күту аймағын кеңейту. Сонымен қатар, әуежайда екі қону жеңі орнатылады.