Тереңкөл ауданында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші жазаланды
Ол жыл басында 7 жылға жүргізу құқығынан айырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,
Тереңкөл ауылында тәртіп сақшылары қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан Ауди 100 маркалы автокөлікті тоқтатқан.
– Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші мас күйінде деп күдіктенді. Күдікті медициналық куәландыру нәтижелері растады. Сондай-ақ, құқықсыз жүру фактісі анықталды, сот оны жүргізуші куәлігінен 2024 жылдың қаңтарында жеті жылға айырғаны анықталды, – делінген хабарламада.
Ұсталған адамға қатысты тексеру жүргізіліп, автокөлік айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері мас күйінде 3 ЖКО орын алып, төрт адам зардап шекті.