Павлодарлық колледж бейіндік алаңын ашпақ
Мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейі мен Павлодар сервис және тамақтану колледжі бейіндік алаңын ашу туралы меморандумға қол қойды.
Бейіндік алаң қызметінің іс-шаралар бағдарламасы 2024 жылғы 10-25 маусым аралығында бекітілді.
Бағдарламада шеберлік-сыныптар, кәсіби диагностика және хакатон жүргізу, тамақтану, мейрамхана сервисін және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру бойынша шағын стартап жобалар құру көзделген.