Баянауылда мәдениет үйлерінің құрылысына қатысты мәселелер талқыланды
Аманаттықтар облыстық кеңес құрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бойынша «Miras» аймақтық кеңесін өткізді. Кеңес отырысы барысында Баянауыл ауданы жерінде туған ұлы тұлғалардың мерейтойларына қатысты өткізілген және жоспардағы іс-шаралар қарастырылды.
Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық, режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдық және әдебиеттанушы Әлкей Марғұланның 120 жылдық мерейтойларынан басқа мәселелердің қатарында музейлердің жарғылық құжатына байланысты тексеріс қорытындысы тыңдалды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті тексеріс қорытындысы бойынша музейлер ұсынған қосымша мәліметтерді ескере отырып, әрбір жоспарланған қызмет түрінің егжей-тегжейлі негіздемелерімен, сондай-ақ осы қызмет түрлерінің кәсіпорын бейініне сәйкес келетіндігіне және қызметтің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажет болуына байланысты келісім берді.
Сонымен қатар, мәдениет объектілеріне қатысты «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жол картасы индикаторларының орындалу мәселесі қаралды. Мәселен, Баянауыл ауданы Ақши және Бірлік ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысы мен күрделі жөндеуі бойынша мәселелері тыңдалды. Баянауыл ауданы әкімдігі бұл объектілер уақытында тапсырылатынын хабарлады.
Сондай-ақ, кеңес барысында Бәйет ауылында 150 орындық мәдениет үйін салу мәселесі қаралды. Орындалған жұмыстардың сапасы нормаларға сәйкес келмейтіні атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша, облыс мемлекеттік органдарына және жергілікті атқарушы органдарға жол картасы индикаторларын бақылауда ұстап, орындалмау қауіпі бар объектілерге мониторинг жүргізіп, тиесілі ақпаратты уақытында жолдап отыру қажеттігі жөнінде және басқа да ұсыныстар берілді.