Тереңкөл аудынының 95 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтеді

Тереңкөл аудынының 95 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтеді

Жыр жарысына 15-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Байқауды аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ақпан айында онлайн форматта өткізеді. Сондай-ақ бұл байқау Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы және Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылмақ.

Мүшәйрада мынандай тақырыптар ұсынылады:

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам! С.Торайғыровтың ізімен»

«Болмасаң да, ұқсап бақ»

«Тіл - достық құралы»

«Тереңкөлім - мақтанышым! немесе туған жер туралы»

«Мұзафар Әлімбаев шығармашылығынан»

Шығармалар 2023 жылдың 20 ақпанына дейін politika.13@mail.ru поштасына қабылданады. 

Фото: ашық дереккөздерден