«Заң мен тәртіп»: Кенжекөлде құқықтық көмек көрсету акциясы өтті

«Заң мен тәртіп»: Кенжекөлде құқықтық көмек көрсету акциясы өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшпелі қабылдауда прокурор ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өңірде  «Заң керуені» акциясы бастау алды. Акция аясында Павлодар қаласының прокуроры Ерлан Салханов Кенжекөл ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі жеке қабылдау өткізді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары қатысты.

— Округ тұрғындары өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алып, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру мәселелері бойынша өтініштерін жеткізу мүмкіндігіне ие болды, - делінген Павлодар қаласының прокуратурасы берген ақпаратта.

Тұрғындардан түскен барлық өтініштер бойынша қажетті түсіндірулер мен ұсынымдар берілді. Мұндай жұмыс форматы халықпен ашық диалогты дамытуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және өзекті мәселелерді жергілікті жерде жедел шешуге ықпал етеді.