Павлодарда Nazima мен Kalifarniya концерттер маусымының шымылдығын жабады

Павлодарда Nazima мен Kalifarniya концерттер маусымының шымылдығын жабады

Олар «Ertis Promenade» сахнасында жазғы маусымдық концерттер тізбегінің нүктесін қояды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні кешкі сағат 19:00-де бас сахнаға Қазақстанның танымал әншілері – Дильназ Ахмадиева, Nazima мен Kalifarniya шығып, өздерінің хит әндерін орындайды. 

– Жазғы маусымның аяқталуымен «Ertis Promenade» сахнасының да жабылу маусымы жақындады. Жаз айлары бойы өздеріңізбен бірге болғанымызға қуаныштамыз. Әлі де қызықты әрі шуақты концерттердің куәсі боламыз деген ойдамыз, – деді мәдениет бөлімінде. 

Еске сала кетейік, былтырғы салтанатты жабылуы мерекесінде Меруерт Түсіпбаева, Luina, «101» тобы және Дастан Оразбеков шақырылған болатын.