Ұлы Жеңіске - 80 жыл: Павлодарда «Синий платочек» жобасының тұсауы кесілді

Ұлы Жеңіске - 80 жыл: Павлодарда «Синий платочек» жобасының тұсауы кесілді
Фото: pixabay.com

Жобаның алғашқы іс-шарасы «Катюша» әніне арналды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Синий платочек» жобасы таныстырылды.  

«Катюша» әні алғаш рет 1938 жылы 27 қарашада Мәскеудегі «Дом Союзов» үйінің колонна залында шырқалды. Виктор Кнушевицкийдің жетекшілігімен әнді оркестрмен бірге джаз әншісі Валентина Батищева орындады. Әнді композитор Матвей Блантер мен ақын Михаил Исаковский жазған.

Ән майданға аттанған сүйіктісін күтіп жүрген Катюша есімді қыз туралы. Ол махаббат пен адалдық туралы және оның қайтып оралатынына сенімі туралы жырлайды. Бұл ән 1941 жылы алғашқы рет джаз әншісі Валентина Батищеваның орындауында радиодан естіліп, аз уақыттың ішінде танымал болды, – дейді кітапханада. 

Тіпті, сарбаздар жаңа реактивті зеңбіректерді «Катюша» деп атаған.

Әнді Құрманғазы атындағы балалары музыка мектебінің «Sunrise» вокалды ансамблі орындады. Жетекшісі – Ксения Миронец, концертмецстер – Дмитрий Масленников.