Қазақстанда өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы жыл көрсеткіштері қандай?

Қазақстанда өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы жыл көрсеткіштері қандай?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі салада да оң динамика байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар мен қараша аралығында 16,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,3%-ға жоғары. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 146 мыңға жуық тұрғын үй, оның ішінде 35 187 жеке үй тапсырылды. 

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 триллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті.

Қазақстанның өнеркәсіп саласы негізгі өңдеуші өнеркәсіп салалары бойынша 5,3% жиынтық көрсеткішпен оң динамика көрсетіп отыр. Оның ішінде машина жасау, қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп салалары бар.