Қырғызстанда «Арашан» тұқымының қошқары 1 млн долларға сатылды

Қырғызстанда «Арашан» тұқымының қошқары 1 млн долларға сатылды
Фото: Қырғызстанның Су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы министрлігінен

Құны миллион долларға бағаланған сауда осы тұқымның етті-майлы қой шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық фестивалінде жасалған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Іс-шараға Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан мен Қырғызстаннан келген фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

Бұл қошқар 2023 жылы Қазақстанда 150 мың долларға сатылған, атақты Франкель есімді қошқардан тараған.

«Арашан» қой тұқымы Қырғызстанда 2021 жылы ресми түрде тіркелген. Бұл тұқым ірілігі, салмақты болатындығы және тез өсетіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол биік таулы өңірлердің қатал климатына, далалы аңғарларға және қорада бағып-күтуге жақсы бейімделген.

Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, «Арашан» тұқымды қойлардың санын көбейту, сапасын арттыру және халықаралық нарыққа шығару – мал шаруашылығын дамытудың маңызды бағыттарының бірі.