Үндістан аппараты айдан күкірт тапты

Үндістан аппараты айдан күкірт тапты
Фото: pexels.com

Сондай-ақ Ай бетінде су мұзының бар екенін көрсетеді, деп хабарлайды  24.kz.

Ай кеңістігінде күкірттің бары анық. Чандраян-3 үндістандық аппараты арқылы осындай деректер анықталып отыр. 

Ғалымдардың айтуынша, күкіртті минералдың ішінде немесе кристалдың бөлігі ретінде емес, Ай бетінің өзінде өлшенгені «үлкен жетістік».  

– Сондай-ақ Ай бетінде су мұзының бар екенін көрсетеді. Күкірт жақсы тыңайтқыш, сондықтан өсімдік өсуі де мүмкін, – дейді үндістандық ғалымдар. 

Естеріңізде болса, Чандраян-3 аппараты Айға тамыздың 23-і күні қонған. Зонд топырақты зерттеп, тектоникалық өзгерістерді анықтау үшін ұшырылған болатын.