Қыстың алғашқы күні Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз -2...+3 °C-ты көрсетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады.
Павлодарда ауа температурасы 0...+2 °C-қа көтеріледі. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.