Ұлттық экономика министрі құн салығы неге көтерілетініне жауап берді
Үкімет қосылған құн салығын 20 пайызға көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткізілген брифинг барысында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру жоспарына түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер бағаға әсер етсе де, ұзақ мерзімді перспективада ел экономикасына оң серпін береді.
– Үкімет қосылған құн салығын 20 пайызға көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ, – деді Серік Жұманғарин. – ҚҚС мөл¬шерлемесінің артуы тауарлар ба¬ғасының шамамен 4,5 пайызға өсуі¬не алып келеді. Бірақ бұл өсім уақытша құбылыс болмақ. Мұн¬дай¬ды мамандар «күрделі экономика заңдылығы» дейді. Яғни салықтан түскен қосымша қаржының нақты секторға бағытталатынын жеткізді. Атап айтқанда, қарапайым заттар эко¬но¬микасы күшейіп, ішкі нарық пен экспорт әлеуеті артады.
ҚҚС көтерілсе, инфляция деңгейі де уақытша өседі. Бірақ Үкімет бұл сынақ кезеңінде халықты қолдауды назардан тыс қалдырмақ емес. Бұған дейін Серік Жұманғарин салық реформасымен қатар, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемінің ұлғаюы жоспарланғанын айтқан еді. Бұл – халықтың әл-ауқатын сақтауға ба¬ғытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. ҚҚС өсімі ел экономикасына біршама жүктеме әкелгенімен, ұзақ¬мерзімді перспективада елдің эко¬номикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған қадам.
– Біз еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайтып, бір мезгілде белгілі бір шектеу мен тұтынудың соңғы кезеңі үшін ҚҚС-ты арттырамыз. Меніңше, бұл екі шара бірін-бірі теңестіріп, әсерін жо¬йып тұрады. Есептеулер көрсеткендей, бағалардың сәл өсуі күтіледі. Сондықтан біз бұл өсім әлеуметтік осал топтарға әсер ететінін түсініп, олардың зейнетақылары мен жалақыларын индексациялау жөнінде шешім қабылдаймыз, – деді ол.
Үкімет қосылған құн салығын қаншаға көтеретінін әлі анықтамаған. Десе де, ҚҚС-ты 16-20 пайызға дейін көтеруі ықтимал. Қосылған құн салығы көтерілсе, тауар мен қызмет бағасы 6-7 пайызға қымбаттауы мүмкін. Дегенмен Ұлттық экономика министрі Үкімет халықтың қалтасына қатты салмақ түсірмеуге тырысады деп уәде берді.
Қосылған құн салығы мәселесі Үкімет дайындап жатқан жаңа Салық кодексіне енгізілмек. Ұлттық экономика министрлігі құжатты жақын арада Парламенттің қарауына ұсынуды жос¬парлап отыр. Жаңа бюджет салық реформасының нәтижесінде қазынаға қосымша 6-7 трлн теңге қаржы түсуі көзделген. Бұл қаржы ел экономикасының нақты секторын дамытуға жұмсалмақ. Бүгінде бизнес үшін еңбекақы төлеу қорының жүктемесі шамамен 40 пайызға жеткен. Министрдің айтуынша, ҚҚС-ты көтеру осы жүктемені 10 пайызға төмендетіп, 30 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлер үшін өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, бәсекеге қабілеттілігін арт¬тырмақ.
Сонымен қатар Үкімет бұл шешімді қабылдаудан бұрын Ұлттық банктің макроэкономикалық моделінің негізінде бірнеше есептеу жүргізген. Бірақ министрдің сөзінше, бұл бағытта нақты түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
– ҚҚС-ты көтеру қажет деп есеп¬тейміз. Бұл реформаны іске асыруымыз керек. Мемлекет басшысы да бізді бұл тұрғыда қолдады. Біз бұрынғы шарттар¬мен өмір сүре алмаймыз, – деді вице-премьер.
Сонымен қатар ол ҚҚС-тың мәні бұрмаланып отырғанын атап өтті. Бұл жағдай, әсіресе, бұрынғы жылдары жүргізілген салық реформаларының салдары екенін алға тартты. Салық жүйесінде көптеген ресми «саңылаулардың» пайда болғаны кәсіпкерлерге салық көлемін заңды түрде қысқартуға мүмкіндік берді.