15 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

15 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады - қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 

Павлодар облысының оңтүстігінде жауын жауып, жел соғады. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Осыған байланысты өңірде 15 шілде кешке дейін дауылды ескерту жарияланды. 

Күндіз +29...+34 градусқа дейін ыстық болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Облыс орталығында да +31...+33 градусқа дейін аптап ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын күтілмейді.