Павлодарда вокзал сағаты электронды болады

Павлодарда вокзал сағаты электронды болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сонымен қатар, оның қаптамасы жөнделеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша вокзал маңындағы алаңды абаттандыру жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда біз борттық тастарды бұзу, тас тақтайшаларды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, шағын архитектуралық нысандар мен қосымша жарықтандыру тіректерін орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, вокзал сағатының қаптамасын жөндейміз, ал механизмнің өзі цифрлық үлгіде болады, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қала әкімі жөндеу жұмыстарының маусымы соңына таяп қалғанын ескере отырып, коммуналдық қызметкерлерге барлық жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)