16 ақпанда Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады
Түнде өңірде ауа температурасы -18-20 °C шамасында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста күндiз ауа температурасы -3-5 °C дейін төмендейді.
Көшпелі бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтілуде.
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр аралығында.