17 мамырда Павлодар облысында күн ашық болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 2-7 жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 12 градус жылы болады.
Павлодар қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 жылы болады.