19 қарашада Павлодар облысында күн ашық болады

19 қарашада Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -6...-11°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы 0...+5°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман сақталады.

Павлодарда түнде ауа температурасы -8...-10°C болады. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +1...+3°C болады. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын күтілмейді. Тұманды ауа райы сақталады.