Павлодар облысында орманшылар мен еріктілер шағын ыдыстарға қарағай тұқымдарын екті

Павлодар облысында орманшылар мен еріктілер шағын ыдыстарға қарағай тұқымдарын екті
фото: Константин Шелков

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қаратау қорығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ертіс орманы табиғи резерватының қызметкерлері және еріктілердің қатысуымен шағын ыдыстарға тұқымдарды отырғызу арқылы көшет алу іс-шарасы өткізілді.

– Балаларды қоршаған ортаны қорғау шараларына тартудың тамаша тәсілі – ағаш отырғызу. Бұл ретте, іс-шара барысында 50 дана шағын ыдысқа қарағай тұқымдары егілді, – деді резерват қызметкерлері.

Мамандар ағаш көшеттерінің тұқымдарын отырғызу – бұл тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан да пайдалы шара екенін және бұл шара арқылы табиғатты қорғауға үлес қосып, болашақ ұрпаққа таза, жасыл және тұрақты қоршаған орта қалдыруға көмектесіп жатқандарын атап өтті.