17 қарашада Павлодар облысында тұман түседі

17 қарашада Павлодар облысында тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -4...-9°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, шығысында және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы -2...+3°C аралығында болады. Жауын-шашынсыз. Батыс, шығыс және орталық аудандарда тұман сақталады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -7...-9°C болады. Бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы 0...+2°C аралығында болады. Бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман сақталады.