20 маусымда Павлодар облысында 38 градусқа дейін ыстық болады

20 маусымда Павлодар облысында 38 градусқа дейін ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +18...+23°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +33...+38°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз. 

Павлодар қаласында түнде +19...+21°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +33...+35°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.