Павлодарлық жолшылар жұмысынан шықпай-ақ кәсіби біліктілігін арттырады

Павлодарлық жолшылар жұмысынан шықпай-ақ кәсіби біліктілігін арттырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Меморандум аясында 20 қызметкер оқытудан өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалы электроника және коммуникация жоғары колледжімен жолшы мамандығы бойынша дуальды оқыту, даярлау және қайта даярлау туралы меморандум аясында қызметкерлер жұмыстан кетпей-ақ, кәсіби біліктілігін арттыруда. Пиолттық жоба екінші жыл жүзеге асып жатыр. 

– Мамандарды даярлау нысаналы мемлекеттік білім беру гранты шеңберінде жүргізіледі. Екі жыл он ай ішінде жолшылар «жолдар мен әуеайлақтар құрылысы» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын меңгереді, – деді компанияның баспасөз қызметінде.

Былтыр «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының 20 қызметкері оқытудан өтті, биыл да колледжге 20 қызметкер оқуға түседі.

– Кейбір жолшылар, жол-пайдалану басқармасында жұмыс істейтін қызметкерлердің арнайы білімі жоқ. Меморандум арқылы олар жұмыс орнынан шықпай-ақ кәсіби біліктілікке қол жеткізе алады, – делінген хабарламада. 

Екі тарап оқыту, тағылымдамадан өту, жұмысқа орналасу бойынша кепілдік береді. Студенттерге шәкіртақы беріледі. Кадр мәселесін шешу «ҚазАвтоЖол» филиалының жол бөлімшелерінде өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.