«Ішімдіксіз ауыл»: Қызылжарда қоғам мен полиция күш біріктірді

«Ішімдіксіз ауыл»: Қызылжарда қоғам мен полиция күш біріктірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауыл тұрғындарына алкогольден бас тарту мәдениеті насихатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу өңірінің Қызылжар ауылында «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың, әкімдіктің, жергілікті денсаулық сақтау саласының өкілдерімен және ауыл белсенділерімен профилактикалық кездесу ұйымдастырды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты маскүнемдіктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауылдық қоғамдастықта қоғамдық тәртіп пен әл-ауқатты сақтау үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында қатысушылар мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылықтың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тарту, отбасылық құндылықтарды нығайту және өскелең ұрпақ үшін қолайлы әлеуметтік орта құру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Денсаулық сақтау қызметкерлері алкогольдің адам денсаулығына кері әсері, сондай-ақ алкогольді асыра пайдаланудың отбасы мен қоғамға әсері туралы айтты. Ауыл белсенділері байсалды өмір салты қағидаттарын ілгерілету жөніндегі бастаманы қолдап, одан әрі профилактикалық іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Еске сала кетейік, «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Сынтас ауылының тұрғындарымен кездесіп, нәтижесінд ауыл тұрғындары елді мекен аумағында алкогольдік өнімдерді тұтынудан және сатудан толық бас тарту туралы өз еркімен шешім қабылдаған болатын.