22 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Жел күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың шығысында 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы болады.