Павлодарда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып өлтірген
Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 қарашада Естай көшесі, 83 үйге қарама-қарсы жағында FAW маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
–Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде,– деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.