Павлодарда үкіметтік емес ұйымдардың үздік өкілдері марапатталды

Павлодарда үкіметтік емес ұйымдардың үздік өкілдері марапатталды
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының инстаграм парақшасынан

Марапаттау рәсімі Дүниежүзілік ҮЕҰ күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Достық үйінде» Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың төрағалығымен «Павлодар облысының мемлекеттік органдарының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы» тақырыбында диалог алаңы өтті. Облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері пікір алмасып, облыстық азаматтық форум жұмысының негізгі бағыттарын талқылады. 

Дүниежүзілік ҮЕҰ күні қарсаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына үлес қосқан азаматтық қоғамның ең белсенді өкілдері марапаттарға ие болды.

Үздіктер қатарында: «Сенімен болашақ» ҚБ облыстық филиалының директоры Хызыр Жанарыс, «Замандас» ҚҚ директоры Нұрбану Әмірғалиева, «Сарбаздар аналары кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лилия Хайруллина, «Берегиня-Био» қоғамдық қорының басшысы Татьяна Понамарева, «Қазақстанның Қызыл жарты айы» ҚБ Павлодар филиалының төрағасы Гүлнар Исаканова, «Алтын бата» ҚҚ директоры Евгения Стельвага, «Республикалық экологиялық технологиялар орталығы» ҚҚ директоры Марина Регатунова және «Өмір» ҚБ «Оңалту шығармашылық орталығы» ҚБ төрағасы Светлана Качура.