23 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады

23 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. 

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -2...-3, күндіз +6..+11 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0..-2, күндіз +9...+11 градус көрсетеді.