Павлодарда ардагерлердің бірінші облыстық туристік слеті өтеді

Павлодарда ардагерлердің бірінші облыстық туристік слеті өтеді
Фото ашық дереккөзден

Шара Павлодар облысының 85 жылдығына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ардагерлер кеңесінің мәлімдеуінше, 9 тамыз күні сағат 10.00-де «Белсенді өмір сүр – позитивті ойла» ұранымен ардагерлердің бірінші облыстық туристік слетінің ашылу салтанаты өтеді. 

Слет бағдарламасында «Командалық визит карточкасы», «Үздік бивуак», «Менің өлкем» байқаулары және спорттық-туристік эстафетасы, «Шатырды орнату және жинау», «Жерді бағдарлау», «Туристік рюкзактар», «Медициналық көмек көрсету» , «Туристік түйіндер», «Туристік кедергілерді жеңу (дөңес және бөренедегі қозғалыс) сайыстары болады. Шараны облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастыруда.

- Ардагерлер слетіне барлық қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінен 13 команда қатысады. Мұнда 90-нан астам адам бар. Командалар құрамы зейнеткерлік жасқа толған және одан жоғары ерлер мен әйелдерден құралған, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, автошеру Павлодар қаласындағы «Зеленая роща» 4/1 шаңғы базасының аумағында өтеді.