Өзбекстанда бұдан былай әкесінің есімін фамилия ретінде қолдануға болады
Өзбекстандағы Отбасы кодексіне түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.
Оған сәйкес, бұдан былай бала әкесінің есімін фамилия ретінде қолдана алады.
Сонымен қатар, түзетулер ұлттық дәстүрге сәйкес әкесі немесе анасы жағынан атасының есімін пайдалануға мүмкіндік береді.
Өзбекстан Сенаты бұл азаматтар үшін қосымша ыңғайлылық тудыратынын және олардың қалауын ұлттық және діни дәстүрге сәйкес ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.