«Тартыл Fest»: Павлодарда турникке тартылудан ашық жарыс өтеді

«Тартыл Fest»: Павлодарда турникке тартылудан ашық жарыс өтеді
ЖИ иллюстрациясы

Жарысқа жас ерекшелігі бойынша үш санаттағы ер адамдар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

15 тамыз күні сағат 11:00-де Павлодарда турникке тартылудан ашық қалалық жарыс өтеді. Жарыс орталық жағалаудағы воркаут алаңында ұйымдастырылады.

Жарысқа 18 жасқа дейінгі, 18-29, 30-39 және 40 жастан жоғары жас санаттарындағы ер адамдар қатыса алады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау сол күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін «Ertis Promenade» алаңында өтеді. Оларға медальдар, грамоталар және сыйлықтар табысталады. Ал 30 жасқа дейінгі жас санатындағы финалистерге Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасынан екі велосипед табысталады.

«Тартыл Fest» — тек күш пен төзімділікті сынайтын жарыс емес, сонымен қатар спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шара.

Қатысушылар 8-702-873-12-19, 8-777-659-41-05 телефон нөмірлері арқылы тіркеле алады.