Павлодар зиялы қауымы Құрылтай сайлауына өзіндік үлес қосты

Павлодар зиялы қауымы Құрылтай сайлауына өзіндік үлес қосты
Фото: автор

Павлодарда №55 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дауыс беру өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Учаске төрағасы Еркін Мәкішевтің айтуынша, дауыс беру штаттық режимде өтуде. Сайлаушылар учаске сағат 7:00-де ашылған сәттен бастап белсенділік танытып, азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Учаскеде барлығы 2104 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Алғашқылардың бірі болып Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымбек Жұматов өз таңдауын жасады. Ол елдегі саяси өзгерістер мен Мемлекет басшылығының бастамалары оптимизм ұялатып, елдің экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның мәдени бірегейлігін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол Президенттің кітап оқу мәдениетін дамыту және насихаттау жөніндегі бастамаларына ерекше тоқталды.

- Қоғамдағы өзгерістер, әрине, қажет, бірақ, меніңше, ең бастысы — олардың жан-жақты ойластырылып, адам игілігіне қызмет етуі. Мен болашаққа оптимизммен қараймын, өмірімізді жақсартуға барлық мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Реформалар сабырлы түрде, шектен шықпай, бұрын жасалған игіліктерді бағалай отырып жалғасын табады деп сенгім келеді,- деді жазушы.

Учаскеде сайлаушылар үшін жағымды шаралар да ұйымдастырылған: алғаш дауыс бергендерге және бірінші рет сайлауға қатысып отырған азаматтарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан төмен болып, сайлаушыларды қуантты.

Бүгін Павлодарда сайлаушылар қатарында жас аналар мен жүкті әйелдер өз таңдауын жасады. Олар облыстық перинаталдық орталықта дауыс берді. Жалпы облыс бойынша 522 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 140-ы Павлодар қаласында орналасқан. 

Олардан бөлек, Бүгін Павлодардың «Ертіс» футбол клубының ойыншылары толық құраммен С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Спортшылар елдің болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, Қазақстанның жарқын келешегіне өз үлестерін қосты.

Дауыс беру жалғасуда. Павлодарлықтар маңызды қоғамдық-саяси шараға белсенді қатысып, елдің одан әрі дамуы мен өркендеуі жолындағы өз таңдауын жасауда.