Ertis Promenade-де сахнасында осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?
Жаздың соңғы аптасында павлодарлықтарды әр кеште ерекше мәдени шаралар күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығындағы басты сахнада бір апта бойы өтетін шаралар төмендегідей:
24 тамыз күні сағат 20:00–21:00 аралығында «Павлодар спортта» — TOP STAR фитнес-клубының түрлі форматтағы жаттығулары.
25 тамызда сағат 18:00-де «JASTAR STAR» қалалық жас таланттар байқауы.
26 тамызда сағат 15:00-де «National Festival» жастар фестивалі.
27 тамызда сағат 19:00-де Екібастұз қаласының шығармашылық ұжымдарының концерті.
29 тамызда сағат 19:00-де «ERTIS SOUND 2026» музыкалық кеші.
30 тамызда сағат 18:00-де «Ертіс» лигасының КВН ойындары.