23 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

23 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз аптап ыстық +33...+38°C-қа дейін жетеді, облыстың оңтүстігінде +41°C-қа дейін көтеріледі.

Павлодар қаласында түнде +18...+20°C. Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз қатты ыстық күтіледі. Сынап бағанасы +35...+37°C дейін көтеріледі. Жауын-шашын күтілмейді.