28 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +15...+ 20°C. Күндіз + 27...+ 32°C. Өңірдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +18...+ 20°C, күндіз + 30...+ 32°C ыстықты көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашын, найзағай, жел болжанады.