35 жылдан кейін Бауыржан Момышұлының келіні Баянауылға келді

35 жылдан кейін Бауыржан Момышұлының келіні Баянауылға келді

Зейнеп Ахметовамен «Әйел - ана, әлем сізге қарайды!» атты кездесу өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл ауылы, С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, Бауыржан Момышұлының келіні, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», бала тәрбиесі туралы «Күретамыр» кітаптарының авторы Зейнеп Ахметовамен атты кездесу ұйымдастырылды.

Зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты аналар мен мектеп оқушылары қатысқан шара барысында жазушы бала тәрбиесі, ұлттық тәрбие, ене мен келін қарым-қатынасы, дің, өнеге, атасының тәрбиесі жайлы айтып берді.

–        Анамның тәриесі мектеп болса, Бауыржан Момышұлы атамның тәрбиесі маған университет болды, – деді Зейнеп Ахметова. –Баянауылға 35 жыл бұрын келген болатынбыз. Ол кезде Кеңес үкіметі кезі еді. Біраз жерді аралап, атап айтқанда, Торайғыр, Сабындыкөлде болған едік. Одан бері қаншама өзгерістер болды. Енді міне, қайта жолымыз түсті. Осыған шүкіршілік айтамын.   

Сондай-ақ, Зейнеп Ахметова Қаныш Сәтбаевтың мұражайына барған.