5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтеді
Фото:pixabay.com

Ойындардың жабылу рәсіміне тек спортышылар қатысады, ал көрермен жинау мүлде көзделмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Осы жылдың көктемінде бюджеттің қысқаруына байланысты, жабылу рәсімі хаттамалық форматта және көрерменсіз өтеді. Шараны қазақстандық жетекші телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады

– Ойындардың жабылу салтанатына билет сату туралы ақпарат тарағанын  ұйымдастырушылар назарға алып отыр. Осы орайда,  жабылау рәсіміне билет сатылып жатпағанын ресми түрде хабарлаймыз.  Кез келген жалған ақпарат алаяқтық болып саналады. Азаматтарды абай болуға шақырамыз, – деп атап өтті 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясында. 

Еске сала кетейік, 5-ші  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қатысушылар 21 спорт түрінен сынға түсті.  Этноауылда апта бойы күнделікті 100-ге жуық мәдени шара өтті.